17 Қырқ 2020
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

“Сырлы жеңге, сұлу қыз” атты жеңгелер мен қайын сіңлілер байқауы ұйымдастырылды

Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде 8-наурыз мерекесі қарсаңында “Сырлы жеңге, сұлу қыз” атты жеңгелер мен қайын сіңлілер байқауы ұйымдастырылды. Бұл сайыс ұлттық тәрбиені дәріптейтін рухани байқау болып есептеледі.Сайысқа 8 жұп қатысты. Мақсаты – адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты , татулықты нығайту. Аналарымыз бен жеңгелерімізден тәрбие алған қыздарымыз ибалы, инабатты, тәрбиелі болып өсетіні анық.