17 Қырқ 2020
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

“Сабақтағы тиімді кері байланыс- мұғалім жетістігі” тақырыбында тәжірибе алмасу семинары

27-ақпан күні Жалпы білім беретін 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде “Сабақтағы тиімді кері байланыс- мұғалім жетістігі” тақырыбында тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.Мақсаты: Білім беру үрдісінде сабақта кері байланыс жасаудың тиімділігі,әдістері жайлы мұғалімдермен тәжірибе алмасу. Мектеп психологтары “Жақсы көңіл күй-жан азығы” тақырыбында тренинг өткізуден басталған жұмыстар ашық сабақтарға жалғасты. Орыс тілі пәні мұғалімі Кутумова Роза Боранбайқызы 7ә-сыныбында орыс тілінен Е.Шварц.”Сказка о потерянном времени” , химия пәні мұғалімі Уттыбаева Жанат Әділбайқызы 9б-сыныбында “Фосфор және оның қосымшасы” , бастауыш сынып мұғалімі Досмағамбетова Жаңылсын Қабдоллақызы 4ә-сыныбында қазақ тілінен “Жіктеу есімдігі”, бастауыш сынып мұғалімі Қабленова Жұлдыз Мелсқызы 4б-сыныбында математикадан “Бөлім бойынша бүтінді табуға берілген есептер”тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Оқу ісі меңгерушісі Нұржанова Бақтылы Қабдолқызы “Креативті ойлаудағы кері байланыс тиімділігі” тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге тек сәттілік тілейміз, биіктен көріне беріңіздер, әріптестер!