04 Қаз 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

Жалпы білім беретін N 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде "Берік отбасы" жобасы өз жұмысын бастады

Жалпы білім беретін N 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде "Берік отбасы" жобасы өз жұмысын бастады . Жобаның ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған мектеп басшысы Ш.Қ.Жұпқалиева қатысушыларға сәттілік тіледі .
"Берік отбасы"- UNODC (БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы ) бастамасымен құрылған және 35-тен астам елде қажеттілігін дәлелдеген халықаралық жоба . UNODC жасөспірімдерге қауіпсіз және игілікті орта қалыптастыруға ,қауіпті және қоғамға жат мінез-құлық үлгілерінің алдын-алуға ,отбасылық құндылықтарды құрметтеуге мүдделі.

Бірнеше елде таралған бұл бағдарлама адами құндылықтарға арналған . Мұғалімдер мен психологтар , ересектер үшін жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы достық қарым -қатынасты нығайту күнделікті жұмысты қажет етеді . Сондай-ақ олардың бір-біріне деген сенімі , деструктивті құбылыстарға қарсы тұруға ықпал ететінін түсінуге көмектеседі .
Жобаға 7-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты . Шара аясында фасилитаторлар тренинг өткізіп, ата -ана мен бала арасындағы қарым-қатынас , жасөспірімдермен тіл табысу сияқты дұрыс тәрбиелеудің жолдарын айтып түсіндіреді.

Бағдарламаның 1-сабағына қатысқан ата-аналар мен оқушылар жақсы әсер алып , өз ризашылықтарын білдірді . Олар өз кезегінде жобаның аяғына дейін қатысуға ниет білдіріп, қызығушылық танытты.
Жоба фасилитаторлары : А.Ескалиева, С.Жұбанова, А.Оразова .

#Атырау_облысының_жол_картасы
#жолкартасы
#жетістікке_бірге
#Атырау_білім