07 Желт 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

"Құқықтық сауаттылықты арттыру" тақырыбында мектебіміздің 8, 9 -сынып ұл балаларымен кездесу ұйымдастырылды

30-қараша күні Атырау ҚПБ N 19 ҚПБ ЖПҚБ  ЮПТ УПИ кәмелетке толмаған жөніндегі инспекторы Базарбаев Қ.Б , алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мукашев Б.Р,  тәрбие ісі орынбасарларының ұйымдастыруымен "Құқықтық сауаттылықты арттыру" тақырыбында мектебіміздің  8, 9 -сынып ұл балаларымен кездесу ұйымдастырылды .
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа , бұзақылыққа және мәдениетсіздікке жол бермеу, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, саябақтар мен скверлерді  ластау , оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жөнінде айтылды .
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434,435. 127,442 баптары ҚР Қылмыстық кодексінің 107, 293 баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.