19 Қаз 2023
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау

16-қазан күні  мектебімізде жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі әкенің рөлін көрсету, Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына әкенің тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы қарым-қатынас орнату мақсатында мектебімізде құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау " орталығының ұйымдастыруымен  әкелер мен  аталардың  қатысуымен "Әке- отбасының тірегі" тақырыбында әкелер жиналысы өткізілді. Мектебіміздің тәрбие ісі орынбасары А.Ескалиева ""Әкенің отбасындағы рөлі" тақырыбында баяндама оқып бейнероликпен таныстырды.  Психолог Г.Жумагалиева  қызықты психологиялық тренинг жүргізіп, мектеп директоры З.Айтпанова бірқатар көкейкесті мәселелерді көтерді. Аумақтық инспекторлар А.Бақтыгереева мен А.Джумашева жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, тәртіп мәселесі туралы айтып өтті.

#біртұтас_тәрбие