1-сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен мектебімізде құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының ұйымдастыруымен "Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп ,өсу жолдарын ата анамен бірлесе отырып қарастыру. 1-ші сынып ата-аналарына психологиялық кеңестер беру;
Мектебіміздің педагог-психологы тренинг ұйымдастырып,1-ші сынып ата- аналарына психологиялық көмек көрсетіп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
#3 емханаға қарасты Ақсай ауылдық амбулаториясының учаскелік дәрігері Қабдол Анель қызылша ауруының алдын -алу туралы кеңестер берді.
View the embedded image gallery online at:
https://25-momyshuly.edugov.kz/zhanalyktar1-mektep-25/14824-otbasy-t-rbieni-basty-yasy.html#sigFreeId475b67d839
https://25-momyshuly.edugov.kz/zhanalyktar1-mektep-25/14824-otbasy-t-rbieni-basty-yasy.html#sigFreeId475b67d839