18 Қаз 2025
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы

Цифрлық әлемде қауіпсіз қоғам

Бүгін мектебіміздің 7 "А" - сыныбы оқушыларымен «Цифрлық әлемде қауіпсіз қоғам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты - оқушыларға интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, кибербуллингтің, фишингтің және зиянды контенттің алдын алу жолдарын үйрету болды.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, онлайн кеңістіктегі қауіпсіздік ережелерін талқылады. Осындай іс - шаралар арқылы біз жас ұрпақты саналы, жауапты және қауіпсіз цифрлық қоғам мүшесі болуға тәрбиелейміз. 

Сынып жетекшісі : Ержанова А. Б. 

#ЦифрлықӘлем

#ҚауіпсізИнтернет

 #СыныпСағаты 

#Кибермәдениет