9 - қазан күні мектебімізде аумақтық инспектор Ж.Сапенованың қатысуымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбында ұлдармен профилактикалық іс - шара өткізілді. Шара барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен қауіпсіз мінез - құлық ережелері туралы кеңінен түсіндірілді.
Аумақтық инспектор Сапенова Жамила оқушылармен ашық әңгіме өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Өткізілген іс - шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тәртіптілікке тәрбиелеуге бағытталды.
#ТәртіпТәрбиеНегізі
#МектепӨмірі
#ҚұқықтықСағат
View the embedded image gallery online at:
https://25-momyshuly.edugov.kz/zhanalyktar1-mektep-25/15103-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu-basty-mindet.html#sigFreeIdf2c7d8b816
https://25-momyshuly.edugov.kz/zhanalyktar1-mektep-25/15103-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu-basty-mindet.html#sigFreeIdf2c7d8b816