Жалпы білім беретін N 25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: ақиық ақынның жырларымен таныстырып, поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу. Оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулықты әсемдікті тануға баулу, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін дарыту .
Ұлы қуаныштары мен ұлы қасіреттерін терең сезініп,тебірене жырлаған Мұқағали Мақатаев жыр тауында асқақтай түспек!