Жалпы білім беретін N 25.Б.Момышұлы атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен жоғары сынып қыз балаларына "Қыз бала- ұлттың айнасы" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектептегі "Еркеназ"қыздар ұйымының жетекшісі Анар Нурмуханова "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында , мектеп медбикесі Жаңылсын Жолдығалиева " Ерте жүктілік несімен қауіпті?" тақырыбындағы ақпараттармен бөлісті. Жасөспірімдер арасында беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, қыз бала тәрбиесі және ортада өзін-өзі ұстау туралы ақпараттар айтылды. Қатысушылар ой бөлісіп,пікір алмасты .
20 Сәу 2021
Жаңалықтар №25 Б.Момышулы